- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰҒА академигі Мұхтарбай Өтелбаев алтыншы математикалық «мыңжылдықтың есебін» шешті
ҚР ҰҒА академигі Мұхтарбай Өтелбаев алтыншы математикалық «мыңжылдықтың есебін» шешті
«Профессор, ф.-м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Еуразиялық математика институтының директоры Мұхтарбай Өтелбаев «Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы» атты еңбегін аяқтап, ашық басылымда жариялады»,- делінген хабарламада.
Бұл еңбектің маңыздылығы - аталмыш проблема «мыңжылдықтың проблемасы» аталатын 7 ең күрделі математикалық есептердің қатарына енген. Атап өтетін жәйт, осы проблемалардың әрқайсысын шешуде Клэй математикалық институты 2000 жылдың басында 1 миллион АҚШ долларын бәйгеге тіккен болатын. Қазіргі таңда мыңжылдықтың жеті проблемасының тек біреуі ғана (гипотеза Пуанкаре) шешімін тапқан. Оның иесі - Григорий Перельман, ол Филдсовский сыйлығына ие болған.
Мұхтарбай Өтелбаевтың толық мақаласы «Математикалық журналда» (2013, т.13, № 4 (50))http://www.math.kz/index.php/ru/513 жарық көрген.
Еске сала кетейік, Мұхтарбай Өтелбаевтың ғылыми қызығушылық саласына функционалдық анализ және оның қолданыстары, дифференциалдық операторлардың спектрлік теориясы, функционалдық кеңістік теориясы, есептеу математикасы, шекаралық есептердің жалпы теориясы кіреді.
Мұхтарбай Өтелбаев - 2002 ж.; 2002-2003 жж. мен 2004-2005 жж. «Алтын адам» байқауында («Ғылым» номинациясы бойынша «Жыл адамы») «Жылдың ғылыми қайраткері» атағының иегері, ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, «Ғылым мен технологиялар» номинациясы бойынша Экономикалық ынтымақтастықты ұйымы сыйлығының лауреаты, 2004 ж. «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» ҚР БҒМ грантының иегері, ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді