• Басты
  • Жаңалықтар
  • АӨК-ні дамытудың Картасы: Техникалық қайта жарақтандыру картасының артықшылығы

АӨК-ні дамытудың Картасы: Техникалық қайта жарақтандыру картасының артықшылығы

4 Қазан, 2017 16:59
«Атамекен» ҰКП алаңында Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша жасалынған техникалық қайта жарақтандыру, тұқым шаруашылығын, агрохимия мен өсімдіктерді қорғау құралдары өндірісін дамыту Карталары туралы ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші Вице-министрі Қайрат Айтуғанов айтып берді.

Карта әр бағыт бойынша негізгі мәселелерді анықтайды сондай-ақ, кеңейтілген талдау жүргізе отырып, тиісті бағыттар бойынша нақты шаралар қабылдайды және де жүзеге асырылып жатқан Картаның бизнес-қауымдастық өкілдері арасында талқылануы өте маңызды фактор болып табылады.

«Тұқым шаруашылығы Картасын әзірлеу қажеттілігі ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасының төмендігінен және тұқым шаруашылығы техникаларын жарақтандыру және тұқымның тиімсіз сорттарын пайдаланудан туындады.Соңғы 5 жылда элиталы тұқымдарды себу орташа есеппен 4,6%-ды құраған. Ғылыми деректерге сүйенсек егіннің өнімділігінің төмен болуының 20% төменгі репродукторлы тұқымды пайдаланудан болады. Элиталы тұқым шаруашылығына талдау жүргізу нәтижесінде егіс жинау техникаларының жартысы яғни 2/3 тұқым тазалау техникалары 10 жылдан астам уақыт пайдаланылған. Сондай-ақ, ескірген тұқым тазалайтын техникалар тұқымның сапасын төмендетеді», - деді Қ.Айтуғанов.

Аталған іс-шаралар шаруалардың кірісін 20%-ға, еңбек өнімділігін 1,5 есеге, өнім өндірісін 2 есеге арттырып және ауыл шаруашылығы машиналары паркін жаңартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, шарада Қ.Айтуғанов тұқым шаруашылығының картасын құру керектігін айтты.

Ақбота Күзекбай 

Барлық жаңалықтар