- Басты
- Жыл соңына дейін ОҚО-да 6 мың пәтер пайдалануға беріледі
Жыл соңына дейін ОҚО-да 6 мың пәтер пайдалануға беріледі

Басқарма басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджеттен 108 үйдің құрылысы жүріп жатса, оның 61-і жыл соңына дейін тапсырылады. Ұлттық компаниялар есебінен 45 үйдің 43-інің құрылысы бітуге жақын. Ал, «Шымкент» ӘКК» АҚ салып жатқан сегіз үйдің алтауы таяу арада пайдалануға берілмек. Жеке кәсіпкерлер есебінен салынып жатқан 102 үйдің алтауының құрылысы жыл соңына дейін толық бітеді деп жоспарлануда. Ал, қалған 147 үйдің құрылысы 2018 жылға өтпелі.
«2017 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 400,2 мың шаршы метр тұрғын үй яғни 3783 пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 124 пайызға ұлғайып отыр. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 115,7 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 105 пайызға орындалды»,-деді Құттыбек Жамашев.
Бұдан бөлек, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымызда 32 мектептің құрылысы жүргізілуде. 2016 жылдан өтпелі 19 мектепті ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланса, бүгінгі күнге 16 мектеп пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін 3 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қалған 13 мектеп 2018 жылы ел игілігіне берілмек. Республикалық бюджеттен 4 мектеп пен 1-мектеп-интернаттың құрылысы жүріп жатыр. Аталған нысандардағы құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады. Ал, облыстық бюджеттен 39 мектеп пен 3 колледждің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 8 мектеп пайдалануға беріліпті.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласына қатысты 38 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Соның 5 нысаны пайдалануға берілсе, 29 нысан жыл соңына дейін тапсырылады. 4 емхана құрылысы 2018 жылға өтпелі болып отыр. Қалған 11 өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысы 2018 жылы аяқталады.
Биыл мемлекеттік бюджет есебінен 21 инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 8 нысан пайдалануға тапсыру жоспарланса, 13 нысанның құрылысы 2018 жылға өтпелі. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 6 нысан пайдалануға тапсырылып, 1485 жеке жер учаскелері инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, 2017 жылы басқарма тарапынан 47 нысанның жобалау-сметалық құжат әзірленуде. Жалпы 47 жобаның 26-сы жаңа, 21-і 2016 жылдан өтпелі. 2017 жылға облыстық бюджет қаражаты есебінен бөлінген қаржыға сәйкес, 20 жобаны аяқтау жоспарланып отыр.
-
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті
-
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
-
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 29 жыл толды
-
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
-
Антикор: Жыл басталған екі ай ішінде 48 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталды
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады
-
Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды
-
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты
-
61 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы аннуитеті шартына қол қойған
-
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек
-
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді
-
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі
-
Елордада Салық Зимановтың 100 жылдығы атап өтілді
-
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді

