- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада кәсіпкерлікті дамытуға 476 млн теңге бөлінді
Елордада кәсіпкерлікті дамытуға 476 млн теңге бөлінді
«Бұл республикалық жаңа бағдарлама. Ол халықтың жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған бөлігіне арналған. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған кімдер? Олар жұмысты өздігінен тауып отырғандар. Көп жағдайда өз кәсібі шеңберінде жұмыс істеп отырған, отбасылық немесе басқа да бір істі жүргізіп отырған адамдар кіреді. Бұл мақсатта тұтас отбасы немесе көршілері, туыстары мен таныстары да жұмылдырыла алады», - деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Рысгүл Қауғабаева.
Спикердің сөзінше, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы аталмыш бағдарламаның екінші бағыты – микронесиелендіруді жүзеге асырады.
«Биыл бізге 476 млн. теңге бөлінді. Бағдарламаға төрт банк: «Халық банк», «АТФ банк», «Нұрбанк» және «Сбербанк» қатысады. Бүгінде бөлінген қаржы осы банктерге үлестірілді», - деді Р.Қауғабаева.
Бағдарлама шартына сәйкес, несиенің ең жоғары сомасы 8000 АЕК-тен аспайды. Жылдық пайыздық мөлшері - 6%. Сондай-ақ, қатысушы кәсіпкерлер өз ісін жаңадан бастаушылар және жұмыс істеп тұрғандар болып бөлінеді.
«Жаңадан бастаушыларға - кәсібінің басталғанына үш жылдан аспағандар саналады. Олар Кәсіпкерлер палатасында оқыту курсынан өтіп, одан соң Жұмыспен қамту орталығынан жолдама алады. Содан кейін банкке барады. Онда өтініш саудадан бөлек барлық сала бойынша қабылданады. Егер банк кепілдеме талап етсе, «Даму» қоры кепілдік бере алады. Кепілдіктің 15 % кәсіпкер, ал 85 % кәсіпкерлікті қолдау қоры өз мойнына алады. Ал жұмыс істеп тұрған кәсіпкер үшін кепілдік сомасы 50% құрайды», - деді кәсіпкерлік басқармасының басшысы.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті