- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин: Заңда бюджеттің игерілуіне байланысты қатаң бақылау көрсетілу қажет
Н.Нығматулин: Заңда бюджеттің игерілуіне байланысты қатаң бақылау көрсетілу қажет
«Бізге нақты нәтиже керек. Ол тұрғын үйлер, мектептер, бала-бақшалар, ауруханалар салу. Сонда ғана Елбасының бөлінген қаржылар экономиканы дамытуға, азаматтарды жұмыспен қамтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға жұмыс істеу керектігі жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырамыз»,-деді Н. Нығматулин.
Осыған орай Ұлттық экономика министрлігі өкілдерінің бюджет заңнамасын жетілдіруге қатысты бірінші оқылымда ұсынған түзетулер кезінде Мәжіліс депутаттары бюджет қаржысының тиімді жұмсалуына қатысты сұрақтарды назардан тыс қалдырмады.
«Бюджет қаржыларының тиімсіз игерілуіне қатысты нақты өлшем болу керек. Әйтпесе, сіздер Бюджет Кодексінде түсінік ретінде ұсынып отырған «нәтижелілік», «жауапкершілік», «перспективті» сияқты жалпылама сөздер ауқымды мемлекет қаржысын бөлу кезінде нақты дәлел бола алмайды. Өйткені, олардың ешқайсының тәжірибелік, қолданбалық сипаты жоқ. Ал, субьективті бағалаудың соңы жақсылыққа апармауы мүмкін. Егер қаржы бір мемлекеттік органнан басқа органға қайта бөлінетін болса, не үшін олай болғанына, не себептен тиімсіз орындалғанына және соңғы нәтижесінің қалай болғандығына жауап беруіміз керек. Осыдан кейін ғана жеке жауапкершілікке қадам жасай аламыз»,-деді Н.Нығматулин.
Одан әрі Н. Нығматулин екінші оқылымға дейін «тиімсіз орындау» түсінігінің қаржыгерлерге де, қарапайым азаматқа да түсінікті нақты анықтамасын тұжырымдау қажеттігін айтты.
Талқылау кезінде квазимемлекеттік сектор қаражаттар көлемінің Ұлттық экономика министрлігі деңгейінде ғана келісілетіндігі сынға алынды.
Спикердің айтуынша Президент бірнеше мәрте Үкіметке бақылауға алуға тапсырған мемлекеттік займ мәселелері тағы да министрлік деңгейіне түсіп отыр. Министрлік ұсынып отырған редакция Елбасының бюджетті бақылау жөніндегі нұсқауларымен сәйкес келмейді. Сондықтан, бұл норманы Президент тапсырмасын есепке ала отырып, қайтадан тиянақтау қажет.
Айта кетейік, заң жобасында бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды оңайлату және мемлекеттік органдардың дербестілігін арттыру, есепке жазу әдісімен бюджеттеуді біртіндеп енгізу, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты реттеуді күшейту, ІТ-жобаларын, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, дамыту үшін қажетті құжаттаманы дайындау рәсімдерін оңайлату бағыттары бойынша түзетулер қамтылып отыр.
Қайрат Жандыбаев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер