Қызылорда облысында жыл соңына дейін жаңа емхана ашылады

4 Қазан, 2017 11:57
Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүйесі бір жолға қойылды. Осының арқасында биыл жыл аяғына дейін жаңа емхана пайдалануға берілмек. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Теміржолдың солтүстік аймағы тұрғындары үшін қызмет көрсететін №2 қалалық емхана 400 келушіге арналып отыр.

Сонымен қатар, алда Сырдария ауданындағы Ақжарма, Аралдағы Бекбауыл, Қазалыдағы Өркендеу ауылдарында дәрігерлік амбулатория салынады.

Сондай-ақ, Тасбөгет кентінен ауысымына 250 келушіге арналған емхана салу жобасы жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға жалпы көлемі 2 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалады.

 

 

Барлық жаңалықтар