- Басты
- Жаңалықтар
- Бос жер телімдері мен өндірістік ғимараттар картасына еркін қол жеткізу мүмкіндігі туындады
Бос жер телімдері мен өндірістік ғимараттар картасына еркін қол жеткізу мүмкіндігі туындады
Бұл секілді деректер базасын жасауды кәсіпкерлер өтінген болатын - ол бизнесті жүргізуді анағұрлым жеңілдетеді. Бизнес-қауымдастықтардың өкілдері осы проблеманы кәсіпкерлік мәселелері бойынша консультациялық-кеңесші комиссияның бірінші отырысында қозғаған болатын.
Дайындық жұмыстары үш ай бұрын басталған болатын. Бүгінгі таңда карта онлайн-режимде қолжетімді - ол облыс әкімдігінің,Кәсіпкерлік басқармасы мен Кәсіпкерлер палатасының сайтында орналасқан. Сонымен қатар бұл құжат Кәсіпкерлер палатасындағы КҚКО-да да бар.
«Кәсіпкерлерге коммуникациялары толық жалғанған 110 жер телімдері ұсынылады. Ол - кәсіпорындық база салуға арналған 4 телім, сауда-сауықтыру орталықтары мен сауда павильондарын салуға арналған 73 аумақ, жол шетіндегі қызмет көрсету ұйымдары мен демалыс орындары және басқа да демалыс нысандарын салуға арналған 11 жер телімі», - деп мәлімделді Кәсіпкерлік басқармасында.
Сонымен қатар ірі кәсіпорындардың бос тұрған алаңдарында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Дәлірек айтар болсақ, картада бизнесмендерге арналған инфрақұрылымы бар 40 кәсіпорындық ғимараттар келтірілген.
«Теміртаулық электрометаллургиялық комбинатта кәсіпкерлер үшін әзірге пилоттық түрде жалпы ауданы 16 мың шаршы метрді құрайтын 4 іске қосылмаған өндірістік ғимараттар ұсынылып отыр», - деп мысал келтірді басқармада.
Қазіргі таңда жеті қала бойынша ақпарат жарияланған: Қарағанды, Саран, Теміртау, Шахтинск, Сәтпаев, Жезқазған, Қаражал, сонымен қатар Абай ауданы. Алдағы уақытта облысымыздың барлық аймақтарын қамту жоспарланып отыр. Деректер жаңартылып отырады.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы 2050-ші жылға дейін еліміздегі ШОБ және ЖІӨ үлесін 50 %-ға дейін жеткізуге тапсырма берген болатын. Кәсіпкерлік үшін жайлы жағдай жасау жергілікті билік өкілдерінің қолында.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері