- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан стратегиялық маңызы зор екі нысанды мемлекеттік меншікке қайтарды
Қазақстан стратегиялық маңызы зор екі нысанды мемлекеттік меншікке қайтарды
Энергетика министрлігі хабарлағандай, Қазақстан Республикасы мен американдық AES Corparation компаниясы арасындағы 1997 жылғы 23 шілдедегі концессиялық келісімінің әрекеті 2017 жылдың 1 қазанында аяқталды.
Осыған байланысты, 2017 жылдың 2 қазанында және 2017 жылдың 3 қазанында «AES Өскемен СЭС» ЖШС және «AES Шүлбі СЭС» ЖШС - екі концессия объектісінің 100% қатысу үлестері республикалық меншікке алынды.
Өскемен су электр станциясы және Шүлбі су электр станциясы аталған компаниялардың активі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «AES Өскемен СЭС» ЖШС-нің және «AES Шүлбі СЭС» ЖШС-нің мемлекеттік қатысу үлестерін пайдалану және иелену құқығын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне берді.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі осы компаниялардың Бас директоры етіп Асқар Балабатыровды тағайындады. Асқар Балабатыров 1992 жылы Алма-Ата энергетика институтын бітірген, «KEGOC» АҚ-да, «Алматы ПауэрКонсолидэйтед» АҚ-да, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ-да және «Шығыс Қазақстан ауданаралық электр желілік компаниясы» АҚ-да жұмыс істеген, электр энергетика объектілерін басқару жұмысында айтарлықтай тәжірибе иен білімге ие.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді