- Басты
- Жаңалықтар
- «Өрлеу» бағдарламасына 150 мыңға жуық азамат қатысты
«Өрлеу» бағдарламасына 150 мыңға жуық азамат қатысты
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, «Өрлеу» пилоттық жобасына отбасыларды тарту және атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында 238 кеңесші және 1047 ассистент жұмысқа тартылды. Аталған есепті кезеңге сәйкес, кеңесші мамандар 236,4 мың отбасыны ақпараттандырып, оның 26,6 мыңы жобаға қатысты. Бүгінде, соңғы мәліметтер, түсіндіру жұмыстарында Астана қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Павлодар облыстарының белсенділігінің жоғары екендігін көрсетіп отыр.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған 30,5 мың адам жалпы «Өрлеу» жобасына қатысушы еңбекке қабілетті азаматтардың 90,9 %-ын құрап отыр.
Айта кеткен жөн, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 23 364 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 4 677 азамат қоғамдық жұмыстер мен әлеуметтік жұмыс орындарына орналыстырылды. Сондай-ақ, 2000 жас маман қайта дайындау курстарына және жастар тәжірибесіне жолданды.
Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті 20,7 мың адам алуда. Ал, мемлекеттік балалар жәрдемақысы 509,4 мың балаға тағайындалған.
Естеріңізге сала кетейік, «Өрлеу» пилоттық жобасы – бұл әлеуметтік келісімшарт негізіндегі қаржылай көмек көрсету шараларының кешені. Аталған жоба атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) жаңа үлгісін қалыптастырып, табыс көзі төмен азаматтарды қолдауға бағытталуда.
2018 жылдың 1 қаңтарынан іске асатын жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекке жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен болатын отбасылар қатыса алады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады