- Басты
- Жаңалықтар
- Дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
Дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:
19-тармақ алып тасталсын;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол Бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.»;
24-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 31, 32, 33-тармақтармен толықтырылсын:
«31. Біріккен Ұлттар Ұйымының әскери байқаушылары және штаб офицерлері ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операцияларына қатысушылар;
32. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Астана» халықаралық қаржы орталығының бірінші басшылары;
33. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің президенті.»;
Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес дипломатиялық паспорт алуға құқығы жоқ мемлекеттік саяси қызметшілер.
3. Дипломатиялық паспорт алуға құқығы бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес «А» корпусының лауазымындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дипломатиялық паспорт алуға құқығы бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінің А және В санаттарының, «Б» корпусының С-1, С-2, С-3 санаттарының лауазымындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтарымен толықтырылсын:
«7-1. Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірінші басшысы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарының бірінші басшылары және «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өңірлік директорлары.
7-2. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне кіретін спорт федерацияларының бірінші басшылары.».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер