- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында «Батыр бабалар» мемориалды кешені салынады
Ақмола облысында «Батыр бабалар» мемориалды кешені салынады
Ақмола облысы әкімдігінен хабарлағандай, Щучъе-Бурабай курорттық аймағын дамыту кешендi жоспары аясында iске асырылатын 3-шi кезең жобалары таныстырылды. Ол бойынша курортық аймақта құны 63 млрд. теңге болатын 35 iс-шара жүзеге асырылады. Алдымен инфрақұрылым мен инженерлiк жүйелер құрылысының жобалары iске асырылып, кезең-кезеңiмен мәдени, спорттық-сауықтыру нысандары бой көтередi.
Курорттық аймақты дамыту мақсатында қолға алынатын жұмыстар туралы таратып айтқан облыс әкiмi, Бурабайда тау-шаңғы курортының құрылысы басталатынын айтты. Бүгiнгi күнi бұл жобаны итальяндық «Dolomiti Superski» компаниясы жасап жатыр. Сонымен қатар, өңiр басшысы жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ бiрлесiп жүргiзiп жатқан жұмыстармен таныстырды. «Астана-Бурабай» трассасы бойында алдағы туристiк мауысымға дейiн, 4 модульдiк павильон салынады, оның екеуi ЩБКА аумағында орналастырылады. Мұнымен қоса, облыс әкiмi Бурабай аумағында жеке инвесторлар арқылы «аквопарк» салу жобасы қарастырылып жатқанын және «Қазақстанның киелi орындары» жобасы аясында «Ботай» мәдениетi жаңғыртылатынын жеткiздi.
«Жалпы бiздiң негiзгi мақсатымыз Бурабайды жыл бойғы туристiк орталыққа айналдыру. Ол үшiн бар мүмкiндiктi қолдану керек, оған әлеуетiмiз жетедi» ,- дедi М. Мырзалин.
Өз кезегiнде «Бурабай даму» ЖШС бас директоры Ғ. Әбдiхалықов ЩБКА жүйелi даму жоспары аясында Үлкен Шабақты көлi мен Текекөл ауданы аумағындағы 233 гектар жердi игеру жұмыстарның барысымен таныстырды. Оның айтуынша, аталған 233 гектар аумақты игеру жоспары ағымдағы жылдың 15-шi қарашасында дайын болады. Бұл жобаны iске асыру үшiн әлемдегi 70 курорттық орталықтың жобасын iске асырған испандық «THR» компаниясы тартылған.
Мұнымен қатар, Ғ. Әбдiхалықов «Абылай-хан» алаңы жобасын одан әрi дамыту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Батыр бабалар» мемориалдық — кешенi салынатынын жеткiздi.
Диалог барасында қатысушылар Бурабайдың туристiк әлеуетiн арттыру мақсатында жаңа идеяларымен де бөлiстi. Мәселен, «Көкшетау минералды су» АҚ бас директоры М. Ахметов аймақ басшысына кәсiпорын шығаратын су түрлi дерттерден емдеуге, яғни шипалы су ретiнде пайдалануға болатынын айтты.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді