- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда латын әліпбиіне көшуге арналған көрме ашылды
Қарағандыда латын әліпбиіне көшуге арналған көрме ашылды
Облыс әкімдігі хабарлағандай, көрмеде қазақ әліпбиін құрастырушылар - Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, К. Жұбанов, С. Аманжолов туралы айтылады. Сондай-ақ экспозицияда жергілікті мұрағат ұсынған көптеген тарихи құжаттар келтірілген. Оған қоса мұражай өз қорынан құжаттарды алып шығып, көпшілік назарына ұсынған.
Көрменің ашылу салтанатынан соң оқушылар үшін қазақ тілінің латын графикасына ауысуы туралы ақпараттық сағат өтті. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында Қазақстанның 2025-ші жылға дейін латын әліпбиіне өтетіні туралы жариялаған болатын.
«Латын әліпбиі - қазақ тілінің жаңа белесі» атты көрме облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жыл соңына дейін жалғасатын болады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды