• Басты
  • Қазақстанда ШОБ-ті мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын біріктіретін цифрлық платформа құрылатын болады
3 Қазан, 2017 15:18

Қазақстанда ШОБ-ті мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын біріктіретін цифрлық платформа құрылатын болады

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі цифрлық платформа аясындағы «бір терезені» әзірлеуге атсалысатын болады.
Қазақстанда ШОБ-ті  мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын біріктіретін цифрлық платформа құрылатын болады

ҰЭМ хабарлағандай,  меморандум мәтінінде тараптардың шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын біріктіретін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясындағы «бір терезе» қағидаты бойынша Бірыңғай цифрлық платформа құру жөнінде бірлескен жұмыс жүргізетіндігі айтылған.

Тараптар сондай-ақ шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру және автоматтандыру үшін «бір терезе» қағидаты бойынша кейіннен Бірыңғай цифрлық платформасына интеграциялану арқылы өзара әрекеттесетін және қажетті ақпаратпен алмасатын болады. 

 

Фото: Шыңғыс Қаппаров 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды