- Басты
- Жаңалықтар
- 25 жылдың ішінде достық пен ынтымақтастықтың берік негізі құрылды
25 жылдың ішінде достық пен ынтымақтастықтың берік негізі құрылды
ҚР СІМ хабарлауынша, құжатта ширек ғасыр ішінде біздің мемлекеттеріміздің қарым-қатынастары теңдік принципі мен өзара құрмет негізінде едәуір дамып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Елдер арасындағы достық және туыстық байланыстар Қазақстандағы көптеген грек диаспорасы және Грекияда туратын бурынғы біздің азаматтар арқылы өсе тусуде, делінген.
Эллада – Қазақстанның еуропалық кеңістігіндегі ескі және сенімді әріптесі. Екіжақты қарым-қатынастарда көпжоспарлы мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестіктің ерекше рөлін атқарады, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық та едәуір нығаяды.
Соңғы жылдары Қазақстан-Грек диалогының арнайы тетіктері күшейді – Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссиясы, сондай-ақ Достық Парламенттік тобы. Біздің елдеріміз ЖЕЭК пен ЕО арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың жаңа нысанын сынақтан өткізуде. Астана мен Афина экономикалық кооперацияға негізделіп, көліктік-логистикалық байланыстарды түйіндестіруде өзара іс-қимылдың елеулі әлеуетінің бар екенін мойындайды.
Қазақстан мен Грекия жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен балама энергия көздерін жаппай пайдалануды күшейтуге дауыс беруде. Грекияның халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы мемлекеттеріміздің аталған бағытта ортақ ұстанымға ие екенімізді көрсетіп қана қоймай, жасыл энергетика саласында келешегі бар ынтымақтастығы негізінің қалануына жол ашты.
Халықаралық ұйымдар шеңберінде ұстанымдарымыздың ұқсастығын ескере отырып, Қазақстан мен Грекия әлемдік аренада халықаралық қатынастардың одан әрі демократизациялануын қолдап, оны халықаралық-құқықтық нормалар мен өзара құрметтеу қағидаларын күшейту негізінде тұрақтылықты көздейтін өзара әрекеттесуге қадамдар жасауда.
Соңғы жылдары екі елмен біздің қарым-қатынастарымызды сапалы жаңа деңгейге көтеруде қадамдар жасалынуда. Ортақ екіжақты өзара әрекеттестікті одан әрі өрбіту ниеттеріміздің барлығын қанағаттарлықпен атап өтеміз, делінген құжат соңында.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері