- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Австриядағы елшісі австриялық Каринтия федералды жеріне барды
Қазақстанның Австриядағы елшісі австриялық Каринтия федералды жеріне барды
Сапар барысында Жер парламентінің президенті Райхард Рормен, Жер үкіметінің мүшесі Р.Холубпен, жетекші өнеркәсіптік компаниялардың өкілдерімен және Филлахтағы бірқатар білім беру мекемелерінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында австриялық тарап Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауы, конституциялық реформалар, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында елімізді одан әрі дамыту жоспарлары туралы ақпараттандырылды. Өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия Федералды жері арасында жасалған меморандумды іске асыру бойынша нақты жобалар мен бағыттар талқыланды. осы бағытта Қазақстанның Каринтиядағы құрметті консулдығы едәуір қолдау көрсетіп жатқаны атап өтілді.
Сондай-ақ Қ. Сарыбайдың Каринтияның жетекші индустриялық компанияларының басшылығымен кездесуі өтіп, оның аясында олар өздерінің Қазақстандағы жобалары мен жұмыс жоспарлары туралы ақпарат берді. Ол үшін Каринтияның экономикалық делегациясының ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы едәуір серпін берді. Осыған орай, бірқатар компаниялар, соның ішінде Weissenseher (экологиялық жобалар), KärntenSolar (күн энергиясын пайдалану) Қазақстандағы нақты жобаға тартылып отыр.
Филлах қаласында қазақстандық дипломат арнайы техникалық училищеде болып, дуалды оқытуды ұйымдастыру тәжірибесімен танысты. Санкт Мартин қаласында "Жаңа Жібек жолы" таныстырылды.
Бұл сапар федералды жердің саяси, іскерлік және білім беру топтарымен байланысты нығайтуға, Карантия компанияларының Қазақстандағы экономикалық жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігін талқылауға, екі елдің өңірлері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүмкіндік берді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Antikor Live: Иордания елшісі сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тәжірибемен бөлісті -
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді