- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында 50 мектеп спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілді
Маңғыстау облысында 50 мектеп спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілді
Кездесу барысында Парламент Сенатының депутаттарына мектепке 2017 жылдың маусым айында «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында табысталған жаңа түзелту құрал-жабдықтары көрсетілді.
Бағдарлама «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобымен жүзеге асырылды. Бағдарлама үйлестірушісі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры.
Мектепке Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева, комитет хатшысы Кәлетаев Дархан, комитет мүшелері Серік Джақсыбеков пен Төлеубек Мұқашев және қоғам қайраткері Ляззат Қиынов барады. Сонымен қатар, кездесуге Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының бас директоры Ерлан Дәрімов және ЖШС «ӘБЕО орталығы» директоры Роза Сүлейменова қатысты.
Аталмыш бағдарлама аясында 2017 жылдың маусым айында облыстың барлық арнайы мектептерінің түзелту кабинеттері құрал-жабдықтармен қамтылды. Атап айтсақ, «Жаңаөзен арнайы мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемесі» КММ, «№3 арнайы жалпы білім беру мектебі» КММ, «№2 арнайы жалпы білім беру мектебі» КММ және «Облыстық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ.
Түзелту кабинеттеріне арналған құрал-жабдықтардың ішіне сенсорлы бөлме, жұмсақ бөлме, логопедтік оқыту аппараттары, дамыту құралдары, массаж зондтары және т.б кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында өз жұмысын бастады. Бағдарламаның мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы орналасқан өңірлердегі өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру.
Маңғыстау облысында «Менің елім» бағдарламасы 2017 жылы іске қосылды. Осыған дейін, 2017 жылдың мамыр айында бағдарлама бойынша Маңғыстау облысының 50 мектебі спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Мектептер «Биіктерге бірге!» байқауының үздік спорт жобасы бойынша таңдалып алынды. Барлығы байқауға облыс бойынша 84 өтініш қабылданды.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері