ОҚО-да 16 431 кәсіпкер жеңілдетілген несиеге ие болды

3 Қазан, 2017 16:36
«Оңтүстік» АИО қаржыландырған жобалар аясында 41 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы облыс кәсіпкерлеріне жылына 7-8 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру арқылы оларға қолдау көрсетіп келеді. 

«Қаржы орталығында кәсіпкерлер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, кепілдікке ауылдық жердегі мүлік алынады, бастапқы старт-ап жобалар қарастырылады. Тиімді өтеу кестесі жасалынады. Ең маңыздысы несиені рәсімдеу барысында ешқандай комиссиялар алынбайды.«Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы 8 жылдық қызметі аясында өзінің экономикалық маңызы жағынан жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленіп келеді», - деді  ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре.

Атап көрсетсек, 2009 – 2017 жылдар аралығында облысымыздың 16 431 тұрғыны жеңілдетілген несие және лизингке қол жеткізіп, кәсіпкерлікпен айналысуда, сондай-ақ, өзімен қоса бірнеше азаматтарды да жұмыспен қамтыған. Қаржыландырылған жобалар нәтижесінде жұмыспен қамтылғандар саны 41 181 адамға жетіп отыр.

Жалпы қаржыландырылған 16 мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға 49 774,4 млн. теңге бағытталды. Несиелендірілген жобалар аясында облыстық бюджетке жалпы сомасы 893,4 млн. теңге көлемінде салық төленді.

Барлық жаңалықтар