- Басты
- Жаңалықтар
- АШМ қандай әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның түскенін айтып берді
АШМ қандай әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның түскенін айтып берді
«2016 жылмен салыстырғанда биылғы жылы баға тұрақтала түсті.Бағаның тұрақтануы жүйелене түсті. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын сақтап тұр. Жыл басынан бері бағалар құны жұмыртқаға 30 пайызға, ірі қарақұмыққа 26 пайызға, орамжапыраққа 16 пайызға, қантқа 11 пайызға, күнбағыс майына 10 пайызға төмендеді. Пияз, сәбіз және картоп бағасының өсуі жаңа астықтың жиналуына қатысты болды», - деді Қайрат Айтуғанов.
Сондай-ақ, қыркүйек айының басынан бастап бөлшек сауда бағасы: пияз-20 пайызға, сәбіз-15 пайызға, картоп пен орамжапырақ 7 пайызға төмендеді.
Бірінші вице-министр айтып өткендей, 11 шілдеде Үкімет отырысында әкімдіктерге жаңа астықтан азық-түлікті қажетті көлемде алу тапсырылды.
«Аталмыш талапты орындау үшін АШМ әкімдіктерге 160 мың тонна болатын тауар өнімінің көлемін сатып алу есептерін жеткізді. Ең көп көлем келесі тауарларға тиесілі: 33 пайыз немесе 53 мың тонна картоп, 11 пайызы немесе 18 мың тонна сәбіз пен орамжапырақ, 8 пайыз немесе 13 мың тонна пияз», - деді спикер.
1 қазандағы жағдай бойынша әкімдіктер келісім жүзінде 24 мың тонна тауар жеткізді.
«Бүгінгі таңда әкімдіктер Тұрақты қорларға ұсынылған көлемнің 15 пайызын жеткізді. Тұрақтандыру қорының жұмысын қалыптастыру бойынша Ақмола, Алматы, БҚО, СҚО өңірлері жұмыс жүргізулері керек. Осы орайда бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер келесі әрекеттерді жүзеге асырулары керек: Тұрақтандыру қорларының қалыптасуын 15 қарашаға дейін қамтамасыз ету», - деді Қайрат Айтуғанов.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бастап инфляциялық процестердің баяулауы байқалады және биылғы жылдың қыркүйегінде инфляция - 0,3%, жыл басынан бері 4,2% құрады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігі жылыту маусымы кезеңінде ЖЖМ бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеуге шақырады. Бұл туралы Үкімет отырысында Тимур Сүлейменов мәлім етті.
Ақбота Күзекбай
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет