- Басты
- Жаңалықтар
- Д. Абаев білім беру мекемелерін автоматтандыру жұмысын күшейту қажеттігі туралы айтып берді
Д. Абаев білім беру мекемелерін автоматтандыру жұмысын күшейту қажеттігі туралы айтып берді
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша халықтың цифрландыру басымдықтарын пайдалану мүмкіндіктеріне қол жеткізу үшін қажетті дағдылары мен біліктіліктерін дамыту арқылы креативті қоғам құру, сондай-ақ экономика салалары үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау көзделеді», - деді ол.
Дәурен Абаев атап өткендей, ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау жөніндегі шараларды іске асыруды көздеп отыр.
«Бұл білім беру саласына КТ қолдану элементтерін енгізу, оқу жоспарының нұсқалық компоненті есебінен бағдарламалау негіздерін енгізу, КТ саласындағы мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырыстарын бөлу, білім беру бағдарламалары тізіліміне КТ бағыты бойынша үздік білім беру бағдарламаларын іріктеу жұмысын жүргізу», - деп қосты министр.
Дәурен Абаев осы іс-шаралардың барлығы қазір талдау кезеңінде екенін айтты. Сондай-ақ ол ҚР БҒМ сәулетінің жұмыс істеуі туралы да айтып өтті.
«Бүгінгі күні білім беру саласында 83 ақпараттық жүйе мен интернет-ресурстар жұмыс істейді. Сәулеттің ағымдағы жай-күйін тексеру және диагностикалау нәтижелері бойынша келесі мәселелер анықталды: білім беру саласындағы 64 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 16-сы автоматтандырылды, 48 қызмет әлі автоматтандырылмаған", - деп атап өтті спикер.
Дәурен Абаевтың айтуынша, үш жоба бойынша техникалық тапсырмалар бар, олар: ұлттық білім беру дерекқоры, мемлекеттік білім және студенттік несиелерді есепке алу және өтелуін мониторингілеу, "Болашақ" көп функционалды ақпараттық жүйесі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-92 бензинінің орташа тұтыну көлемі республика бойынша биылғы жылдың қазанында 290 мың тонна көлемінде күтілетінін хабарлаған болатын.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады