- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары интернет-портал арқылы есеп береді
Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары интернет-портал арқылы есеп береді
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі хабарлағандай, ҮЕҰ-дың ашықтығын және қоғам алдында ҮЕҰ-дың қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың деректер базасы құрылған болатын. ҮЕҰ дерекқоры арқылы азаматтар ҮЕҰ қызметіне қатысты қажетті ақпаратты ала алады, ал ҮЕҰ бір-бірімен ақпарат алмасып, сенімді серіктестер таба алады.
Бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында 3 мыңдай қазақстандық және шетелдік ұйымдардардың тәжірибелері туралы ақпарат көрсетілген.
ҮЕҰ дерекқоры үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және олардың жұмысымен халықты ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік келісімшарттарды орналастыру, гранттар беру және жүлделерді тағайындау шеңберінде пайдалану үшін құрылған ақпараттық дерекқор болып табылады.
ҮЕҰ деректер базасындағы ақпараттар жыл сайын Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері Комитетіне жыл сайын наурыз айының 31-не дейін ұсынылуы тиіс.
Ақпарат келесідей екі жолмен ұсынылады: ҮЕҰ дерекқорының интернет-порталы арқылы (infonpo.kz) пошта арқылы немесе қағаз және электронды БАҚ арқылы таратылады.
Интернет-портал арқылы ақпарат беру тұтастай жұмыс процесін жеңілдетеді, есепті толтырудың дұрыстығына ықпал етеді және пошта қызметіне ақы төлеу шығындарын есептемейді. Айта кету керек, интернет-порталға ХҚКО-нан (Халыққа ықзмет көрсету орталықтары) алынған ұйымның ЭСҚ(Электронды сандық қолтаңба) кілті арқылы тіркелуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 19 680 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 13 879-ы қазіргі уақытта өз қызметін белсенді жүзеге асыруда.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес"