- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысына қазан айында тегін дәрі-дәрмектердің қосымша партиясы келіп түседі
Қарағанды облысына қазан айында тегін дәрі-дәрмектердің қосымша партиясы келіп түседі
2017-ші жылы дәрмектерді алуға 3,5 млрд теңге бөлінген болатын.
«Дәрілерді сатып алуда шартты экономияның арқасында біз 383 миллион теңге үнемдедік. Біз ол ақша қосымша сатып алуға облысқа қайтарылуы үшін қосымша келісімге қол қойдық. Ол медикаменттердің алғашқы партиясы қазанның бірінші онкүндігінде түсуі тиіс», - деді Ержан Нұрлыбаев.
Сонымен бірге 2018-ші жылға Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан берілетін қаржыландыру анағұрлым өсті – 9 млрд теңгеге дейін. Ол тегін дәрмекке мұқтаж жандарды дәрімен кідіріссіз қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар медициналық немесе әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты төстен шығарылған нәрестелерге арналған балалар тағамының қажетті көлемі де сатып алынған.
«Халықты дәрі-дәрмекермен тұрақты қамту үшін қаржыландыру осы жылдың қараша айында басталады. Осылайша, бізде дәрмектерді жеткізуге байқауды өткізіп, қажетті келісімшарттарды желтоқсан айында жасауға мүмкіндік болады. Қаңтардың басында препараттардың бірінші партиясы басталады. Облыста әлеуметтік дәріханалардың желісін кеңейту көзделуде», - деп мәлімдеді Ержан Нұрлыбаев.
Қазіргі таңда аймағымызда олардың саны 35-ке жеткен, жыл соңына дейін Қарағанды, Жезқазғанда және ауылдық жерлерде 7 осындай дәріхана ашылады деп уәде берілді. Ал әлеуметтік дәріханалар болса өз кезегінде дәрмектердің ассортиментін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол жерде коммерциялық нүктелерге қарағанда дәрілерді арзанырақ сатып алуға болады. Себебі қосымша құн 5%-дан аспайды.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет