- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Zhangyru» корпоративті оқыту жобасы ашылды
Астанада «Zhangyru» корпоративті оқыту жобасы ашылды
Астанада мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың және ұлттық компаниялардың жас мамандарына, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары саласы өкілдеріне арналған «Zhangyru» корпоративті оқыту» жобасының салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы.

Қозғалыс ұжымы осы уақытқа дейін «Zhangyru» корпоративті оқыту» жобасына еліміздің әр өңірінен үміткерлердің құжаттарын онлайн режимінде қабылдаған болатын.
Жобаға қатысуға 130-ға жуық үміткер тілек білдірді. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, әлеуметтік саланың өзге де мамандары бар. Қазылар алқасы олардың ішінен талапқа сай келетін 50 үміткерді іріктеп алды.
«Іріктелген 50 үміткер екі апта қатарынан 02-17 қазан аралығында Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының залында «Zhangyru» корпоративті оқыту» жобасына қатысу арқылы өздеріне мақсат қоя білуді, стратегиялық жоспар жасауды, тұлға ретіндегі сапалық деңгейін көтеру жолдарын, жобаларды басқарудағы заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік алады», - делінген қозғалыс хабарламасында.

Жобаның негізгі міндеті – қатысушылардың кәсіби дағдылары мен көшбасшылық мүмкіндіктерін және біліктілігін арттыру.
Қатысушыларға курс аяқталған соң сертификат беріледі. Ал, курс кезінде сапалы бизнес-кейсін ұсынып, жоғары балл жинаған үздік қатысушы «Geneva Business School Kazakhstan» АҚ тарапынан МВА грантын (1 орын) иеленсе, одан кейінгілері 75% (1 орын), 50% (1 орын), 25% (2 орын) жеңілдікпен МВА оқуға мүмкіндік алады.
МВА грантын ұсынушы «Geneva Business School Kazakhstan» АҚ – негізін женевалық банкирлер қалаған, білім және еңбек нарығында жиырма жылдан астам қызмет етіп келе жатқан швейцариялық ірі университеттердің бірі болып саналады.
Курстар «Жеке көшбасшылық», «Бизнес», «Үкіметтік емес ұйымдар» модульдері бойынша өтеді. Тренер ретінде халықаралық зерттеулердің Монтерей институтының (АҚШ, Калифорния) магистрі, Назарбаев университеті мен Дьюк университетінің (АҚШ) «әкімшілік іскерлік басқару» магистрі Ғани Нығметов, Ханянг университетінің (Оңтүстік Корея) жазғы мектебінің түлегі Дархан Өмірбеков, Лондон PR мектебінің (Ұлыбритания) түлегі Наргиз Батыршаева, ҚарМУ-дың психология магистрі, бизнес-тренер Ерлан Мұстафин, Мәскеу риторика және шешендік өнер университетінің түлегі, «НИКА» шешендік өнер орталығының жетекшісі Меруерт Жүсіпбек, кәсіби бизнес-тренер Галина Мякенькая, Кембридж университетінің (Ұлыбритания) түлегі Иван Чубисов пен өзге де білікті мамандар шақырылып отыр.
Айта өтейік, жобаға әлеуметтік жобаларды дамытуға арналған «Samruk Kazyna Trust» қоры бас серіктес ретінде қолдау білдірді. Сондай-ақ, «Geneva Business School Kazakhstan», «Жобаларды басқару технологиясы» ЖШС серіктес ретінде қатысып отыр.
Сондай-ақ, «Zhangyru» корпоративті оқыту» жобасына қатысу ТЕГІН екенін атап өткіміз келеді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері