• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ел өңірлерінде жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады

Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ел өңірлерінде жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады

3 Қазан, 2017 09:12
Елбасы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысына жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ел өңірлерінде жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.

Мемлекеттік хатшы Нұрсұлтан Назарбаевқа Президент жанындағы өзі басшылық ететін комиссиялардың биылғы 9 айдағы жұмысы туралы айтты.    

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

 

Барлық жаңалықтар