- Басты
- Жаңалықтар
- Тиімді жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасы бойынша 12 несие берілді - «Даму» қоры
Тиімді жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасы бойынша 12 несие берілді - «Даму» қоры
Жаңа бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендермен Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жетіқара мен Арқалық қалаларында кездесулер өткізілді. Бағдарламаны түсіндіруге арналған кездесулерге екінші деңгейлі банктердің филиалы, кәсіпкерлік басқармасы, жұмыспен қамту орталығы, қала әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
«Даму» қорының қатысуымен мұндай кездесулер республика бойынша өткізілуде. 2017-2021 жылдарға арналған тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Қостанай облысына 740 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Нәтижесінде, кәсіпкерлер өз кәсібі үшін жылдық 6% үстемақымен несие ала алады. Несиенің максималды сомасы 18 млн теңгеден асып жығылады.
Сонымен қатар, «Даму» қоры кепілдігі жетпеген жағдайда кепілдеме береді. Олардың көлемі кәсібін жаңадан бастағандарға несие сомасының 85%-нан, жұмыс істеп жатқандар үшін 50%-ға дейінгі көлемде беріледі.
«Бұл бағдарлама іске асырылып жатқан алғашқы жыл болғандықтан бізге кәсіпкерлер бетпе-бет келетін проблемаларды анықтау, кәсіпкерлердің ұсынысын жинау басты міндет болып табылады. Ал, осындай кездесулер кәсіпкерлермен байланыс орнатуға және шешім шығаруға мүмкіндік береді» - деп атап өтті «Даму» қорының басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.
Оның айтуынша, Қазақстанда аталмыш жоба бойынша 12 адам несие алып үлгерген.
Атап өтер болсақ, несие инвестициялау, айналым қаржысын арттыру мақсатында беріледі. Осы ретте, айта кетерлік жайт, микронесие сауда саласындағы жобалар бойынша айналымдағы қаражатты арттыру үшін берілмейді. Салалық шектеулер мен комиссия мүлдем жоқ.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді