Bus Lanе елорданың тағы 15 учакесінде пайда болуы мүмкін

2 Қазан, 2017 17:33
Bus Lane Астана қаласының тағы 15 учаскесінде пайда болуы мүмкін, деп хабарлады "Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы" ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

«Bus Lane одан арғы жұмысы бойынша біз тағы 15 учаскені анықтадық. Алайда, олар бірқатар инфрақұрылымдық жұмыстарды орындау кезінде іске асырылуы мүмкін. Bus Lane ұйымының уақыт бойынша уақытша шектеуін енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады: бұл қауырт кезеңде – таңертең және кешке С. Сейфуллин және Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында. Біз талдау жүргізіп жатырмыз, тек осы көшелерге ғана емес, сонымен қатар көршілес көшелерге де жүктеме түсетіні түсінікті», - деп атап өтті Б. Игенбердинов.

Оның айтуынша, мұнда қиындықтар орын алады және басқарма тұрғындардың пікірін білу үшін осы ұсыныстарды қоғам талқылауына енгізеді.

Еске сала кетейік, Бекмырза Игенбердинов сондай-ақ Астана қаласы көлік жүйесінің дамуы туралы айтып берген болатын. 

 

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар