• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырауда нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша алғашқы несие мақұлданды

Атырауда нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша алғашқы несие мақұлданды

2 Қазан, 2017 18:59
Атырауда нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша алғашқы несие мақұлданды. Бағдарламаның алқашқы қатысушысы Светлана Мергалиева, деп хабарлады damu.kz.

ЖК «Мергалиева С» өз бизнесін 2005 жылы мұнай кәсіпорындары үшін көлік қызметтерін ұсынудан бастады. Бизнесті жүргізу бойынша тәжірибе жинақтап, халық үшін көрсетілетін қызметтердің басқа да салаларымен айналысуды шешеді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы туралы білген соң, Светлана Мергалиева сауда кешенін ұйымдастыру бойынша Атырау облысының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына өтініш білдіреді. Жоба 10 млн теңге сомасына мақұлданады.

Кәсіпкер несие қаражатына шағын наубайхана ашып, нан пісіруге арналған жабдық сатып алуды, Жұлдыз шағын ауданының тұрғындары үшін азық-түлік дүкені мен дәріхана ашуды жоспарлап отыр. 10 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге елеулі қолдау көрсетілуде, ол бизнестің жаңа салаларын жоспарлап, ашуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті С. Мергалиева.

Барлық жаңалықтар