- Басты
- Жаңалықтар
- Қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның инфляциясы 4,2%-ды құрады
Қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның инфляциясы 4,2%-ды құрады
Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай, ағымдағы жылдың басынан (2017ж. қыркүйек 2016ж. желтоқсанға) бағаның өсуі қой етіне 12,7%,сиір етіне – 12,6%, консервіленген сүтке – 9,2%, картопқа – 8,4%, кондитерлік өнімдерге – 8%, сары майға – 7,6%, жылқы етіне – 7,5%, мәйекті ірімшікке – 7,2%, мұздатылған балыққа – 6,7%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға 61,9%, қызанаққа – 58,6%, жұмыртқаға – 29,4%, сарымсаққа – 26,7%, тәтті бұрышқа – 25,4%, қарақұмық жармасына – 21%, қантқа – 10,3%, күнбағыс майына – 10,1%-ға тіркелді.
Баға өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 8,9%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 7,2%-ға, автомобильдерге, кітаптарға – 6,6%-дан, киім және аяқ киімге – 5,3%, тоқыма бұйымдарына – 5,2%, газеттер мен журналдарға – 5%, фармацевтикалық өнімдерге – 4,8%, жеке қолданатын тауарларға – 4,3%-ға, тұрмыстық аспаптарға, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 4,1%-дан, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 3,6%-ды құрады. Дизель отыны 13,3%, бензин – 8,7%, баллондағы сұйытылған газ, тас көмір – 7,8%-дан қымбаттады.
Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау – 6,5%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 6%, қоғамдық тамақтандыру – 3,7%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 13,9%, ішкі қалалық автобуспен – 8,9%, қалааралық – 4,9%,-ға қымбаттады, ал алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен – 0,5%-ға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 10,8%, кәрізге – 9,2%, орталықтан жылытуға – 7,3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 6,3%, суық суға – 4,9%-ға, электрэнергиясына, ыстық суға – 3,6%-дан жоғарылады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді