- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат депутаттары Маңғыстауда ҚР Қарулы Күштері мен Теңіз күштерінің қызметін талқылады
Сенат депутаттары Маңғыстауда ҚР Қарулы Күштері мен Теңіз күштерінің қызметін талқылады
Палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, депутаттар ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қарулы Күштері, Теңіз күштерінің қызметімен және Ақтау халықаралық теңіз сауда порты жұмысымен танысты.
Сенаторлар алдымен облыс орталығындағы 29011 әскери теңіз базасына барды. Әскери қызметшілермен тілдесіп, жұмыс барысымен танысты.
Одан кейін Ақтау халықаралық теңіз сауда портына арнайы барып, даму перспективасымен танысты. Ақтау теңіз порты – Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Өндірістік қуаты - 17,7 млн. тонна. Порттың аумағы 79700 метр квадрат болатын ашық алаңы мен аумағы 2 мың метр квадрат болатын жабық транзиттік қоймасы бар. Сыйымдылығы 12,5 млн. тоннадан дейін 13 мың тоннаға дейінгі танкерді алуға қабілетті төрт мамандандырылған мұнай құю айлағы, жалпы жүк тасымалына арналған үш әмбебап айлақ, сондай-ақ қуаттылығы 2,5 млн. тоннаға дейін «Ro-Ro» кемелерін, қуаттылығы 2,0 млн. тонна болатын теміржол паромдық кешенін және жылына 700 мың тонна астық терминалын мамандандырылған айлаққа алып шығарды.
Одан кейін Ақтау теңіз айлағында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сыртқы байланыстар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі мәжілісі өтті. Онда Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері мен Қарулы Күштерінің қызметі туралы мәселелер қаралды. Басқосуда Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, вице-адмирал Ж.Жанзаков, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, ҚР Шекара қызметінің директоры Д. Дилманов және Ақтау халықаралық теңіз сауда портының президенті А. Туркпенбаев қатысып, сөз сөйледі.
Жиыннан кейін депутаттар «Сарбаз», «Қарағанды», «Алатау» және «Орал» кемелерінде болып, теңізші сарбаздардың жұмысымен танысты. Сонан соң «Сарыарқа» әскери кемесімен ашық теңізге шықты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді