• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысының жалпыреспубликалық ІЖӨ көлеміндегі үлесі 4,7%-ға өсті – әкім (ВИДЕО)

Павлодар облысының жалпыреспубликалық ІЖӨ көлеміндегі үлесі 4,7%-ға өсті – әкім (ВИДЕО)

2 Қазан, 2017 14:01
Биылғы жылдың 9-айында атқарылған жұмыстар туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында есеп берді.

Павлодар облысының индустриялық-инновациялық дамуында оң нәтижеге қол жеткізілді.  

«Жалпы өңірлік өнім 5,6 %-ға өсті. Облыстың жалпыреспубликалық ІЖӨ көлеміндегі үлесі  4,7%-ға өсті (бұған дейін 4,4% еді). Ағымдағы жылы өнеркәсіптің барлық секторында оң динамика байқалады. Мыс концентратын өндіретін Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының толық қуаттылық деңгейін шығуына байланысты көлем 12%-ға дейін өсті. Металлургия, химия, мұнай химиясы және машниа жасау кәсіпорындары тұрақты жұмыс істейді. Электр энергиясын өндіру көлемі 23,2%-ға ұлғайып, 26,3 млрд. кВтсағатты құрады. Екібастұз №1 ҚАЭС-ың шиналарынан өндірілген 3,3 млрд. квт. сағат электр энергриясы РФ-ың көршілес өңірлеріне экспортқа шығарылды», - деді Б.Бақауов.

Жылдың соңына дейін электр энергиясы экспортының көлемі 6 млрд. квт. сағатты құрайды

«Өңірде «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Мұнда 980 жаңа жұмыс орны құрылды. Аумақтың инфрақұрылымын дамытып, инвестицияларды тартуға қолайлы жағдай жасалған. Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы шеңберінде өңірде инвестициялар көлемі 1,1 трлн. теңгені құрайтын 8412 жұмыс орны құрылатын 35 жоба жүзеге асырылып жатыр. Ағымдағы жылы инвестициялар көлемі 271,0 млрд. теңгені құрайтын 1323 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 8 жобаны іске қосу көзделіп отыр», - деді ол.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпкерлердің белсенділігі артып келеді. Қазіргі кезде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6,5%-ға артып, олар шығаратын өнім көлемі  1,3 есеге артты. Жалпы, Бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға 4,2 млрд. теңге бөлінді.

Облыста салынып жатқан тұрғын үйлердің негізгі бөлігі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатыр.  Алдағы уақытта 21 үй қолданысқа беріліп, 2 мыңнан астам отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанады. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй секторын дамыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыста жеке тұрғын үй құрылысына арналған аумақтар белгіленіп, ол жерге инженерлік инфрақұрылымдар тартылып жатыр. Ағымдағы жылы ауылдарды көріктендіруге 11 млрд. теңге бағытталды.  

«Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде облыс кәсіпкерлерінің 95 жобасы қолдауға ие болды. Ауыл шаруашылығы саласында 380 ауыл  шаруашылық құрылымдары мен 3688 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Оларға 15 мемлекеттік бағдарлама бойынша қолдау көрсетіледі. «Еттің экспорттық потенциалын дамыту» бағдарламасы шеңберінде 740,5 тонна ет өнімдері эскпортқа шығарылды», - деді облыс әкімі.

Бұл жоспардың 57%-ын құрайды. Ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу және нарықты жергілікті кәсіпорындардың өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған 204 әзірлеу пункті мен 299 қайта өңдеу нысаны жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыста 114 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері құрылды.  

Ақбота Күзекбай 

Видео: Азамат Әлиев 

Барлық жаңалықтар