- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Нығматулин Жапонияның елшісін қабылдады
Н. Нығматулин Жапонияның елшісін қабылдады
Мәжіліс хабарлағандай, қос тараптың алғашқы ресми кездесуінде екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетудің өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар биыл екі ел арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толғанына айрықша назар аудара келіп, осы уақыттар ішінде жеткен жетістіктерді одан әрі еселей түсудің маңыздылығына назар аударды.
Н. Нығматулин атап өткендей, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ арасындағы достық қатынастың арқасында екі ел арасындағы ынтымақтастық бүгінгі күні барлық салада кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті. Сонымен бірге, біздің елдеріміз ядролық қарусыздану және таратпау, атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану, тұрақты даму бағытында өте жақын серіктестер.
Мәжіліс Төрағасының пікірінше, екіжақты ынтымақтастықты дамытуда парламенттік дипломатияның өзіндік орны бар. Осы ретте Мәжіліс Спикері біздің еліміз ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын қойғанын, оған жетуде алдыңға қатарлы мемлекеттер тәжірибесінің маңыздылығын алға тарта келіп, бұл жолда 70 жылдық тарихы бар жапондық парламентаризмнің ықпалы айрықша екенін атап өтті.
Елші өз қызметінің былтыр Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығында басталып, биыл қос мемлекет арасындағы дипломатияның мерейтойлық маңызды кезеңімен жалғасып жатқанын, әрқашанда елдер арасындағы достық әрі әріптестік ықпалдастықты күшейтуге дайын екенін жеткізді. Кездесу иелері ЭКСПО көрмесі төңірегіндегі қорытынды ой-пікірлерін де назардан тыс қалдырмады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады