- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 70 пайыздан астамын шетел инвесторлары қамтамасыз етеді
Қазақстанда 70 пайыздан астамын шетел инвесторлары қамтамасыз етеді
Энергетика министрлігі хабарлағандай, Қазақстан Республикасында газ өндіру көлемінің 70 пайыздан астамын АҚШ, Қытай, Ресей, Еуропа одағы елдерінен шетел инвесторлары қамтамасыз етеді. Олар ExxonMobil, Сhevron, Agip, BP/Statoil, Shell, Total, INPEX, Philips, ЛУКойл, Оман Ойл, Eni және басқа да ірі ұлттық және ұлтаралық компаниялар.
Қазақстан үшін аса перспективалық энергия тасымалдаушы табиғи және (немесе) ілеспе газ. Олардың алынатын қорлары (Каспий шельфінде ашылған жаңа кен орындарды ескере отырып) 3,9 трлн.м3 , ал геологиялық ресурстар – 6-7 трлн.м3 құрайды.
Газ ілеспе болып табылатындықтан, оны өндіру көлемі мұнай өндіру көлемдерімен тікелей байланысты.
Газ өндірудің негізгі өсімі «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.», «Теңізшевройл» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ секілді ірі жер қойнауын пайдаланушылармен қамтамасыз етіледі.
Жалпы 2017 жылға 48,1 млрд.м3 көлемінде газ өндіру бойынша жылдық жоспарлы көрсеткішке қол жеткізудің оң динамикасы байқалады. Бұған Республика жер қойнауын пайдаланушыларының газ өндіруді арттыру бойынша болжамды геологиялық-техникалық іс-шараларды орындауы, сондай-ақ ілеспе газды қайта өңдеу бойынша қуатты енгізуі арқылы қол жеткізілді.
Жоғары қосылған құнмен газ-химиялық өнімін алу арқылы оны терең өңдеу газ дамуының перспективалық бағыттарының бірі болып табылады.
«Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС толық қуаты 1,3 млн. тонна полимерлік өнімді құрайтын 2 ірі газ-химиялық жобасын іске асыруда. Аталған жобалар бойынша инвестициялардың көлемі 2018-2024 жылдар кезеңіне 8 млрд. АҚШ долларынан астам соманы құрайтын болады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша