Шығыс Қазақстан облысында тілдердің одан әрі дамуы талқыланды

10 Қаңтар, 2014 10:00
Шығыс Қазақстан облысында Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, ол мемлекеттік және өзге тілдерді дамыту бағытына арналды.

Отырыста орыс және ағылшын тілдеріне оқытудың сапасы   алға тартылды. Сондай-ақ, болашақта ағылшын тілінің оқытушыларын дайындау мен колледж бен университтерде білікті мамандардың дайындалуы да алға тартылды.

Бүгінгі таңда ШҚО-ның жалпы білім беру мектептерінде 20 693 оқытушы сапалы білім беру бағытында қызмет етуде. Оның 5209 адамы – тіл бағыттаушылар, оның 27 пайызы ағылшын мұғалімі, ал 32,6 ұстаз орыс тілінде білім береді.

Сондай-ақ, жалпы білім беру мектептерінде шет және орыс тілді ұстаздарының біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ағылшын тілін 1 сыныптан бастап енгізу жоспарлануда.

«Бүгінде облыста тілді сәтті меңгеріп кету үшін барлық жағдай жасалған. Мектепте оқушылар кітаптармен қамсызданған. Мектеп 506 кабинет лингафондық қондырғылармен жабдықталған.», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, отырыста Шығыс Қазақстан облысының университеттерінде ағылшын тілді ұстаздарды дайындау сұрақтары талқыланды.

Отырысты қорытындылай келе, ағылшын тілінде білікті мамандарды дайындауға арналған арнайы жоспар құрастырылды. 

Барлық жаңалықтар