- Басты
- Жаңалықтар
- Ляньюньганда контейнерлік пойыздармен жүк ағындарын ұлғайту мүмкіндіктері сараланды
Ляньюньганда контейнерлік пойыздармен жүк ағындарын ұлғайту мүмкіндіктері сараланды
Ірі көлік және логистикалық трансұлттық компаниялар көрмеге қатысып, Шығыс –Батыс бағдарындағы жүк тасымалын ұйымдастырудағы жаңа бағдарларды, жаңа көлік түрлерін іздестірудегі, жаңа жүк ағындарын тартудағы жетістіктерін ортаға салды.
Көрмеде ашылған «ҚТЖ» ҰК» АҚ павильонында Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктері көрініс тапты. Оның ішінде «KTZ Express» АҚ, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА, «Khorgos Gateway, Ақтау теңізі солтүстік терминалы логистикалық блогының әлеуеті көрсетілді.
Көрме аясында қазақстандық делегация форумға қатысушы елдердің іскер топтарының өкілдерімен кездесулер өткізді. Ол кездесулерде контейнерлік пойыздармен жүк ағындарын ұлғайту мүмкінідктері сараланды. Оның ішінде Қытайдан шығатын жүктерді Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне Ляньюньган порты арқылы тасымалдау және Қазақстан аумағымен Орталық және Батыс Еуропаға транзиттік тасымалдау қарастырылды.
«China COSCO Shipping Corporation Limited» Бас директорының орынбасары Хуан Сяовэнмен кездесуде Жібек жолы көлік бағдарына «COSCO» концернінің қатысуымен жүк тасымалдауды ұлғайту жайы талқыланды.
Тараптар «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портын пайдалана отырып «KTZE-Khorgos Gateway», «KTZ Express», «Ляньюньган порты» МК мен «COSCO» кәсіпорындарының әлеуетін бірлесіп пайдалану жұмыстарын белсенді жүргізу жөнінде пікірлерін ортаға салды.
Қазақстандық тарап Ляньюньган қаласының хатшысы Ян Шэнши, Sinotrans Group компаниясының президенті, басқарма төрағасының орынбасары Сун Дэсинмен және Ляньюньган Халық үкіметінің өкілдерімен кездесті.
Көрме аясында халықаралық форум өткізілді. Онда Қазақстанның еуразиялық мультимодальдық дәліздегі ролі, әсіресе оны дамытудағы белсенділігі, еуразиялық трансшекаралық тасымалдағы болашағы және халықаралық логистикалық серіктестігі ерекше аталып өтілді.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
«Тәуелсiздiк ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ШОБ-ты қолдау: Бизнеске жүктеме азайтылып, жаңа реттеу саясаты енгізілмек