Қазақстан мен Латвия арасындағы жүк тасымалдау көлемі 19 пайызға артады

2 Қазан, 2017 10:16
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Latvijas dzelzceļš» (Латвия темір жолы) МАҚ арасында стратегиялық серіктестік туралы Келісімге қол қойылды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Латвияға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Маминнің қатысуымен, маңызды құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті С. Елубаев пен LDZ президенті Э.Берзиньш қол қойды. 

Тараптар мультимодальдық логистикалық тізбек құрауда Жібек жолы бағдарымен трансқұрлықтық контейнерлік тасымалдауды өсіре түсу мақсатында ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты. 

Еуропа-Қытай- Еуропа көлік дәлізін дамыту аясында Алтынкөл/Достық –Рига- Алтынкөл/Достық трансқазақтандық бағдарда бәсекелестікке сай контейнерлік пойызды жіберу жөнінде келісім жасалды.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жобасына латвиялық компаниялардың да қатысу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды.

2017 жылғы сегіз айда Қазақстан мен Латвия арасында жүк тасымалы көлемі 386,1 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 61,7 мың тоннаға яғни,19% артқандығы байқалды.

ҚХР-ЕО-ҚХР бағдарында Қазақстан аумағымен өткен 10 контейнерлік пойыз Латвия порттары арқылы жөнелтілген. Сонымен қатар Германиядан Қытайға Латвия аумағы арқылы екі пойыздың қанатқақты жобасы ұйымдастырылды. 

Қазақстан мен Латвия арасындағы келісімде екі ел арасындағы көліктік-логистикалық саладағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға әлеуетінің жеткілікті екендігі айтылды.
 

Барлық жаңалықтар