- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда қала құрылысының кеңесі бірқатар жобаларды мақұлдады
Алматыда қала құрылысының кеңесі бірқатар жобаларды мақұлдады
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, нысандарды салу 74,8 млрд. теңге көлемінде жеке инвестицияларды тартуды қамтамасыз етеді, игерілмеген аумағы бойынша 9,9 га, оның ішінде 4,9 - көгалдандыру. Пайдалануға 188 мың метрлік тұрғын үй беріледі, оның 2787 автотұрақ және төрт орта білім беретін мектеп.
Бостандық ауданында «Сейфуллин» тұрғын үй кешенінің құрылысы басталады, ол 12-ден 21 қабатқа дейінгі 13 блоктан және 120 орындық балабақшадан тұрады. Жобада жерасты автотұрақ бар, ландшафтық аулалармен ұсынылған. Құрылыстың жоспарланған ұзақтығы – 25 ай. Компанияның әзірлеушісі әлеуметтік жауапкершілік аясында 160 орынға арналған балабақша салуды және оны коммуналдық меншікке беруді міндеттенеді.
Сәтпаев пен Абай даңғылдарының арасында Тілендиев көшесінің батысына қарай сол аймақта 12 және 16 қабаттан тұратын 19 үйден тұратын тұрғын үй кешені салынады. Кешен аумағы үш аймаққа бөлінген, оның ішіне аула, қоғамдық кеңістік және 200 орындық қолжетімді балабақша кіреді. Жобаны іске асыру мерзімі - 36 ай.
Сонымен қатар, Бостандық ауданында Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиева көшесінің қиылысында Парк-офис жобасы іске асырылатын болады. Әл-Фараби даңғылынан жоғары биік объектілердің құрылысына тыйым салынған қала құрылысы талаптарына сәйкес, ғимараттың биіктігі жер деңгейінен 12 метрден аспайды. Жоба үш блоктың арасында саябақ алаңымен байланыскан курылысты коздейди. Саябақ инфрақұрылымы жазғы кафе алаңы, велосипед жолдары, мөлдір құрылымдардың келіссөз павильондары және офистік ортаға біріктірілген террассаларды қамтиды.
Әуезов ауданындағы №3 шағын ауданда төрт 9 және 12 қабатты үйден тұратын тұрғын үй кешені пайда болады. Кешенде 2 деңгейлі жерасты паркинг пен 60 адамға арналған балабақша бар. Құрылыстың ұзақтығы - 20 ай.
Жобаларды қарау барысында құрылысты салушылардың назары көліктер тұрағының санына, ішкі әрлеу жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануға,түнде үйлердің сыртын жарықтандыруға, кішімобильді топтарға жағдай жасауға, алаңдарды жасылдандыруға аударылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі