- Басты
- Жаңалықтар
- Румынияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Румынияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Құрметті консулдықтың ашылу рәсіміне Констанца уезі басшылығының, мемлекеттік билік органдарының, іскерлік топтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның Румынияда тұрып жатқан азаматтары қатысты.
Қазақстанның елшісі Дәулет Батрашев өз сөзінде биылғы жылы екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толып отырғанын айта келе, екі елдің өзара пайдалы ынтымақтастығының оң динамикасын және оның одан әрі кеңеюіне қызығушылықты атап өтті.
Қазақстанның Құрметті консулы Эргин Хаджикалил өз тарапынан көрсетілген сенім үшін ризашылық білдіріп, екі елдің өңіраралық сауда-экономикалық қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға белсенді қатысу, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту ниетін білдірді. Атап айтқанда, алғашқы бастамалардың бірі биылғы жылдың қараша айының басында Констанцада қазақ фильмдерінің фестивалін ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Іс-шара аясында Қазақстанның елшісі Э. Хаджикалилге Қазақстан Республикасы атынан тиісті өкілеттіктерді жүзеге асыруға патент, сондай-ақ Құрметті консулдық қызметінде пайдалануға арналған мемлекеттік атрибутиканы табыстады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Қазақстанның бейбіт бастамалары