• Басты
  • Президент Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Комиссия құруды тапсырды
30 Қыркүйек, 2017 10:21

Президент Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Комиссия құруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Комиссия құру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент  Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы  Комиссия құруды тапсырды

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында:

1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын  дайындау және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі –Комиссия) құрылсын.

2. Мыналар:

1)  «ЕЛ ЖҮРЕГІ - АСТАНА» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы;

2) Комиссия туралы ереже;

3) Комиссияның құрамы бекітілсін.

3.  Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп:

1) екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі  іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін;

2)  Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды