- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша онлайн-дауыс беруге 300 үміткер жіберіледі
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша онлайн-дауыс беруге 300 үміткер жіберіледі
«Бүгінде іріктеу арқылы 515 үміткер іріктелініп алынды. Осы ретте, Комиссияның кез келген мүшесі оның пайымынша лайықты деген тұлғаны бұл тізімге енгізе алады. Барлық өтініштер 100esim.el.kz порталында орналастырылған», - деп хабарлады ведомство басшысы.
Дәурен Абаевтың айтуынша, арнайы комиссия 515 үміткердің ішінен 300 адамды одан ары дауыс беру үшін таңдап алады.
«Біз 300 үміткерден тұратын тізімді жасақтау үшін сіздердің ұсыныстарыңызды күтудеміз, олар бұқаралық онлайн-дауыс беруге жіберіледі. Сонымен, алдын ала 2200 үміткер іріктелініп алынды, енді біз жұмыс тобы 515 үміткердің 300 іріктеп алуын күтіп отырмыз», - деп атап өтті министр.
Ағымдағы жылғы 7 маусым - 15 қыркүйек аралығында жұмыс тобының хатшылығына «100esim.el.kz» порталы арқылы Қазақстанның барлық түкпірінен жобаға қатысу туралы өтінімдер келіп түскен болатын. Осылайша, порталда 2200 үміткердің өтінімі орналастырылған.
Министр отырысқа қатысушыларға барлық үміткерлердің есімін 2 қазанға дейін дайындауды тапсырды.
«Осылайша менің ойымша Қазақстанда тұратын барлық адамдар өз дауыстарын бере алады. Және де баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз. Халықтық дауыс беруді қазан айының соңына қарай аяқтауды көздеп отырмыз. Дауыстар есептелгеннен кейін Қазақстанның 100 жаңа есімінің тізімі жарияланады», - деп түйді ҚР СІМ.
Ақбота Күзекбай
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді