- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің кеңейтілген отырысы өтті
ШҚО-да Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің кеңейтілген отырысы өтті
Өскеменде өткен Комитеттің кеңейтілген отырысына судьялар, әділет, құқық қорғау органдарының және облыс әкімдігі мен біршама мүдделі орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сонымен қоса, «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» ҰКП-ның және басқа да бизнес қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, шараға халық қалаулылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен қоса «Бірлік» және Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиялары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де белсенділік танытты.
Көшпелі отырыстың негізгі тақырыбына сәйкес, Үкіметтің Мәжіліске енгізген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (әзірлеуші - Әділет министрлігі) енгізілген түзетулер туралы талқыланды.
Заң жобасы Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында әзірленген.
Жоба әкімшілік-деликтілік заңнаманы одан әрі ізгілендіруге, әкімшілік-процестік нормаларды жүйеге келтіруге, жекелеген әкімшілік-құқықтық және процестік институттарды жетілдіруге бағытталған.
Әкімшілік-деликтілік заңнаманы ізгілендіру шеңберінде әкімшілік айыппұлдардың мөлшерлерін төмендету, алдын алу институтын қолдануды кеңейту, жазалау түрлерін оларды ізгілендіру пайдасына қайта қарау, қысқартылған іс жүргізуді қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ, айыппұл сомасы жалпы сомадан 30 % шегінде қысқартылуы мүмкін субъектілер, соның ішінде заңды тұлғалар тізбесін кеңейту ұсынылды.
Осы шара аясында бір қатар мемлекеттік органдардың, оның ішінде Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП мен Республикалық адвокаттар коллегиясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін құқықтық қолдану туралы тыңдау өткізілді.
Көшпелі отырыстың қорытындысында айтылғандай, талқыланған мәселелер бойынша барлық ұсыныстар мен ескертулер Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов жетекшілік ететін Заң жобасы бойынша Жұмыс тобында ескерілетін болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы