- Басты
- Жаңалықтар
- Батыс Қазақстан облысының бюджеті нақтыланды
Батыс Қазақстан облысының бюджеті нақтыланды
Сессияның күн тәртібінде «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, облыстағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы, облыс әкімінің «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі ұсыныстары туралы мәселелер қаралды.
Облыстық бюджетті 4,7 млрд. теңге сомасында нақтылау ұсынылады. Соның ішінде жеке табыс пен басқа да түсімдер есебінен 1,5 млрд. теңге және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен босатылатын қаражаттар есебінен 3,2 млрд. теңге. Қаражаттарды келесі шығындарға бағыттау жоспарланып отыр.
Әлеуметтік блок шығындарына және әлеуметтік сала нысандарын дамытуға 762,3 млн. теңге, 45 млн. теңге білім гранттарына, Ақжайық ауданындағы аграрлы-техникалық колледжді күрделі жөндеуден өткізуге 26 млн. теңге, Бөкей орда ауданы және Орал қаласындағы қос білім нысанының құрылысын жалғастыруға 153 млн. теңге, Орал қаласындағы 10 балалар ойын алаңы және кешенінің құрылысына 353 млн. теңге, Зеленов ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын аяқтауға 94 млн. теңге бөлу қарастырылған.
«Сондай-ақ, Орал қаласында алты білім нысаны құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын даярлауға 9 млн. теңге, Қазталов ауданы орталығынан музыкалық мектеп құрылысын бастауға 10 млн. теңге, ауыл шаруашылығы шығындарына және қоршаған ортаны қорғауға 200 млн. теңге, облыстағы кәсіпкерлікті дамытуға 758 млн. теңге, «Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында бюджетік несиелерді беруге қосымша 558 млн.теңге, коммуналдық шаруашылықты дамытуға 743,2 млн. теңге, көлік инфрақұрылымын дамытуға қосымша 437,7 млн. теңге бағытталды, - деді күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру