- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Павлодар 250 млн теңгенің өнімін жеткізеді
Астанада өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Павлодар 250 млн теңгенің өнімін жеткізеді
Павлодар облысының әкімдігі хабарлағандай, Ертіс өңірінің ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері елордаға жалпы сомасы 250 млн теңге болатын өнім апарады. Жәрмеңке Мұңайтпасов көшесі, 9 мекенжайындағы «Қазақстан» спорт кешенінің тұрақ алаңында өтеді. Павлодар облысының жүзден астам фермері жалпы сомасы 250 млн теңгені құрайтын 900 тонна түрлі өнім апарады. Оның ішінде 105 тонна ет және ет өнімдері, 300 тонна картоп, 260 тонна көкөніс және 240 тоннадан астам басқа өнім бар.
Жәрмеңкені ұйымдастырушылардың айтуынша, павлодарлық өнім елордада үлкен сұранысқа ие. Астаналықтар әсіресе, ет, картоп және көкөністі жақсы алады. Павлодарлық кәсіпорындар елорда тұрғындарына тағамның мол түрін қолайлы бағамен сатады. Аталмыш жәрмеңкеде танымал брендке айналған келесі кәсіпорындар өз өнімін ұсынады: «Рубиком» ЖШС, «Жаңа Роса», «КЭММИ» ЖШС, «Ақжар – Өндіріс» ЖШС, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС, «Байет және К» ЖШС.
Астана тұрғындары сапалы өнімді тиімді бағаға сатып алып қана қоймай, сонымен қатар Павлодар облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы қоятын концерттік бағдарламаны тамашалайтын болады.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы