- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Қарағанды облысында автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі таңда жөндеу кампаниясы аяқталуға жақын қалды. Қай жолдар қалпына келтірілгені туралы Қарағанды облысының Жолаушы тасымалдау көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Әскербек Халтонов Аймақтық байланыс қызметінде өткен брифингте айтып берді.
«Облыста биылғы жылы 863 шақырым автомобиль жолдарында жөндеу жүргізу жоспарланған болатын. Тек Қарағандының өзінде 150 шақырым жол жөнделген. Облыстық маңызы бар жолдар – 477 шақырым, кент ішіндегі жолдар – 64 шақырым. Биылғы жылы жөнделген жолдардың жалпы ұзындығы өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе көбірек. Облысымыздың ірі қалаларындағы – Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш шаһарларындағы жол тораптарына баса назар аударылды», - деп мәлімдеді спикер.
Қарағандыда жөндеу жұмыстары 49 көшеде аяқталды, 58-де әлі де жалғасып жатыр. Теміртауда жоспарланған 11 көшенің 10-ы жөнделген. Балқаш қаласында 12 көшенің біреуінде ғана жол жөндеу жұмыстары әзірге аяқталмаған. Жезқазғанда да бір көше қалған, 13 көшенің жолы қалпына келтірілген.
Облыс бойынша шамамен 360 мың тонна асфальт төселген. Елді мекендерді қосатын жолдарды жөндеу әзірге өзектілігін жоғалтқан жоқ дейді басқарма басшысы. Оның айтуынша, келесі жылы бұл проблемаларды шешуге баса назар аударылады.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді