- Басты
- Жаңалықтар
- Латын әліпбиін жасақтаушыларға қазақстандықтар 20-дан астам үлгі ұсынды(ВИДЕО)
Латын әліпбиін жасақтаушыларға қазақстандықтар 20-дан астам үлгі ұсынды(ВИДЕО)
«Жаңа жоба Парламентте таныстырылды. Көптеген азаматтар Өзбекстанда, Түрікменстанда, Әзербайжанда қолданылған латын әліпбиін ұсынуда. Біз 26 әріптен тұратын классикалық латын әліпбиін негізге алдық. Алайда егер біз оларға диакритикалық әріптерді қосатын болсақ ол таза латын әліпбиі болмайды. Шетелде тұратын отандастарымызды қайтадан үйретуге тура келеді», - деп атап өтті Ербол Тлешов.
Спикер хабарлағандай, жасақтаушылар қазақстандықтардан өте қызықты ұсыныстар жинақтауда.
«Жасақтаушылар қазақстандықтардан 20-дан астам қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын алды. Біз міндетті түрде оларды қарастыратын боламыз. Біз Парламентте ұсынған жобаны қабылдау керек деп отырғанымыз жоқ. Мұндай көзқарас жоқ. Бізге келіп түскен әліпбидің үлгілерінің кейбіреулері қайталанады, кейбір үлгілерді әуесқойлар жіберген. Бастысы ұсыныстар бар. Біз олардың барлығын қарастыруымыз керек», - деп баса айтты Ербол Тлешов.
Сонымен қатар, бүгінде 1 600-ден астам ұсыныстар жиналды.
«Біз оларды мемлекеттік тіл турыл сұрақтар және әліпбиге қатысты сын пікірлер тақырыбы бойынша қарастырдық. Біздің отандастарымызды жаңа әліпби қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді деген сұрақ қатты толғандырады. Көптеген тұлғаларды әріптердің дыбысталуы қатты ойландырылады, себебі біз бір әріп бір дыбысты білдіргенге үйреніп кеткенбіз, ал жаңа нұсқада диграфтар бар. Диграфтар адамдарды үркітіп отыр», - деп атап өтті ол.
Ақбота Күзекбай
Видео Азамат Әлиев
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады