- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды
Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды
Онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының, сондай-ақ АӨК дамыту және «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламаларының, «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысады.
Бақытжан Сағынтаевтың ОҚО-дағы жұмыс сапары Түркістан қаласынан бастау алды, онда Премьер-Министр өнімдері облыстың барлық аудандарына жеткізілетін «Яссы нан» нан зауытында болып қайтты.
Кәсіпорынды аралау барысында «Ақ жол» ЖШС басқарушы компаниясының басшысы Сабыр Атаев Премьер-Министрге өндірістік цехтарды көрсетіп, зауыттың қазіргі қызметі мен оны жаңғырту келешегі туралы айтып берді.
«Ақ Жол» ЖШС кәсіпорны нан-тоқаш және шұжық өнімдерін шығарумен айналысады. Мұнда 2016 жылы 288 млн теңгеге өнім өндірілді, 2017 жылдың 8 айында — 839 млн тг. Компания ШОБ пен жаппай кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімді әсеріне мысал бола алады.
Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаев Түркістанның бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында болып қайтты, солардың ішінде Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті де бар. Онда университет ректоры Уәлихан Әбдібеков Премьер-Министрге оқу орнының инфрақұрылымын таныстырып, ЖОО-ның дамуы мен осында қолданылатын білім беру бағдарламалары туралы баяндады.
Бүгінде ХҚТУ-де 1 000-нан астам оқытушы жұмыс істеп, 105 мамандық бойынша шамамен 9 000 студент, соның ішінде 700-ден астам шетелдіктер білім алуда. Мұнда арнайы университеттік қалашық тұрғызылған.
Бұдан кейін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған «Отырар» шағын ауданына барды. Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев Бақытжан Сағынтаевқа салынып біркен үйлердің біріндегі тұрғын үйдің сапасын көрсетіп, қаланы дамытудың перспективалық инфрақұрылымдық жоспарымен таныстырды. Онымен қоса, әкім Премьер-Министрге «Нұрлы Жер» бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді