- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Асылов латынға көшу туралы: Ешқандай алаңдаушылық болмауы керек (ВИДЕО)
Қ.Асылов латынға көшу туралы: Ешқандай алаңдаушылық болмауы керек (ВИДЕО)
«Реформа өте қажет, себебі латын бір елдің әліпбиі емес. Латын әліпбиіне көшуге байланысты кейбір мәселелерге қатысты еш алаңдаушылық болмауы керек. Шаралардың кезеңдік жоспары әзірленді, оның аясында біз жоспарлы, кәсіби түрде жұмыс істейтін боламыз», - деді Тілдерді дамыту комитетінің басшысы.
Қуаныш Асыловтың айтуынша, латын әліпбиіне көшу мәселесіне әзірлеушілер саналы түрде келді.
«Биылғы жылы бағдарламалық мақалада аталмыш реформаны тәжірибелік түрде жүзеге асыруға бастау қойылды. Латын әліпбиіне көшу терең логикаға ие және ол Қазақстанның әлемдік ғылыми-оқыту,технологиялық кеңістікке интеграциялануын қарастырады. Әлем халқының 80 пайызы латын әліпбиін қолданып, ортақ инновация мен техниканың тілін игерді. Латын әліпбиіне көшу – қажет, уақыт талабына сай жүргізілетін үрдіс. Көшу мәселесі қоғамда біраз талқыланды. Қосылу үрдісіне филологтар, сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Біз бұл үрдіске саналы түрде келдік. Болашақта жұмыс жүйелі әрі кезеңмен жүзеге асырылады», - деді ол.
Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі қазақ тілінің графикасының өзгеруіне ғана алып келеді.
«Президент айтып өткендей, латын әліпбиіне көшу орыс тілінен бас тарту деген сөз емес. Тіл саясатының ұстанымы Қазақстанда тұратын барлық этностың тілін сақтап қалу, өзгертілмейді. Латын әліпбиіне көшу бойынша жұмыс тобының қалыптасуы кезінде біз жұмыс ғылыми түрде жүргізілуі керектігін ескердік. Қазақ тілінен бөлек, жұмыс тобына кириллица, орыс тілі, ағылшы тілі мен еуропалық, түркі тілдерінің мамандары қосылды. Тіл саласының барлық мамандықтары қамтылды. Бұл жұмысты барынша ғылыми түрде жүргізуге мүмкіндік береді», - деді спикер.
Айта кетейік, баспасөз конференциясында латын әліпбиі жұмыс істеу барысында қолайлы және тиімді болуы шарт екендігін «Wikibilim» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы айтып өткен болатын.
Ақбота Күзекбай
Видео: Азамат Әлиев
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан кейін вакцина алуы керек -
Шомылу маусымы кезінде нені ескеру керек -
Т.Әубәкіров: Ғарышкер болу үшін ғылымға құштар болу керек -
Мейрамхан Жәпек, журналист: Әйелдер қосымша білім алудан қорықпау керек -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек -
Лaтын алфавитіне көшу: саяси және мәдени аспектілер -
Интернет алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек -
Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін көрсетуді талап етсе не істеу керек