- Басты
- Жаңалықтар
- Жетіген –Ортақұдық темір жол учаскесі жайлы бола түсті
Жетіген –Ортақұдық темір жол учаскесі жайлы бола түсті
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңғыртылған жол телімінде жылжымалы құрамның, жолдың үстіңгі қабатының тозығы жетуі төмендеп, магистральдық желіні жөндеуге кететін шығын көлемі азаяды. Құрылыс жұмыстарына негізінен қазақстандық өнімдері, оның ішінде рельстер, темірбетон шпалдары, бағыттауыш бұрмалар қолданылды. Ақтөбе ральс арқалығы зауыты рельсі Луговойға жеткізіліп, рельс торкөздері құрастырылды.
Теміржолшылар мұндай дүрсілсіз жолды бекер бархытты жол деп атамайды. Мұндай жайлы жол телімнің өткізу мүмкіндігін жақсартып, халықаралық транзиттік контейнерлік пойыздардың жылдамдығын арттыруына да ықпал етеді.
«Биылғы маусым айынан бастап бұл телімде №701/702 «Астана-Нұрлы жол- Алматы-Алтынкөл» жүрдек «Тұлпар-Тальго» пойызы қатынайды. Бұл пойыз халықаралық пойыз болып саналады. Себебі, Алтынкөл станциясынан Қытай жағына Үрімші пойызы жалғасады»,-делінген хабарламада.
Жаңа рельстермен жаңғыртуды қажет ететін Жетіген-Алтынкөл теміржол телімінің жалпы ұзындығы 287 шақырымды құрайды.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы