- Басты
- Жаңалықтар
- Қорқыт ата атындағы ҚМУ ынтымақтастық туралы 75-тен астам келісімшарт орнатты
Қорқыт ата атындағы ҚМУ ынтымақтастық туралы 75-тен астам келісімшарт орнатты
Оған Сауд Аравиясы Корольдігінің Ханзада Мохаммад бен Фахд университетінің ректоры, профессор, доктор Исса Хассан Алансари, бұқарамен байланыс жөніндегі директор, доктор Фейсал Юсиф Аланези, ректордың кеңесшісі Салех Мохаммед Альшамрани, ректордың мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі офис менеджері Мохаммед Аид Альхаджри, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректорат мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Облыс әкімдігі хабарлағандай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Абайбек Жүнісов сөз сөйлеп, универсиеттің ағымдағы жетістіктерін саралады.
Биыл облыс орталығындағы ғылым мен білімнің қарашаңырағына 80 жыл толды. Университет ҚР көпсалалы үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде 10-шы орын иеленді.
Бүгінде АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Австрия, Испания, Италия, Польша, Корея, Түркия, Египет және Ресейдің ЖОО-мен, білім және мәдени орталықтарымен, жетекші ғылыми орталықтарымен, қорларымен және қоғамдық ұйымдарымен әріптестік қатынастар орнатылды, халықаралық ынтымақтастық саласында 75-тен астам келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойылды.
2013-2014 оқу жылынан бастап университет «Шетел тілі – екі шетел тілі» мамандығының «Ағылшын-Араб», «Ағылшын-Қытай» және «Ағылшын-Корей» тілдері бағыттары бойынша мамандар даярлауды бастады.
Қазіргі кезде ағылшын-араб бөлімшесінде 53 студент білім алады. Оның ішінде биылғы оқу жылында 24 студент оқуға қабылданды. Шетел тілдерін оқытуда Египеттен, Америка Құрама Штаттарынан және Корея Республикасынан шақырылған шетелдік оқытушылар үлкен үлес қосуда.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары