- Басты
- Жаңалықтар
- Астананы газдандыруға 200 млрд теңгеден астам қаражат қажет
Астананы газдандыруға 200 млрд теңгеден астам қаражат қажет
«Бүгінгі күні осы жоба бойынша ТЭН аяқталды. Астана қаласын газдандырудың бірнеше тарихи бағдары, соның ішінде Қостанай облысынан бағдар қаралған болатын. Яғни газ құбыры желісін Ақмола облысы арқылы Көкшетау-Бурабай бағдарымен Астанаға өткізу жоспарланды. Нәтижесінде Бейнеу-Бозой-Шымкент бағдарынан бастап Қызылорда облысы Қараөзек компрессорлық станциясынан Қарағанды-Теміртау арқылы Астанаға дейін газ құбырын салу арқылы елорданы газдандырудың баламалы нұсқасы қаралды », - деп хабарлады ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, жоба құны 200 млрд теңгеден астам құрайды.
«Біз қазір тек магистральды желі құрылысы туралы ғана айтып отырмыз, бұдан бөлек, әрбір елді мекенді газдандыру едәуір қаржы шығынын талап ететінін түсіну қажет. Сондықтан, осы газ құбыры бойынша шешім әлі қабылданған жоқ. Осы мәселе бойынша Үкімет деңгейіндегі шешімді күтудеміз», — деді спикер.
Вице-министр қазіргі кезеңде жобаны іске асыруға әр түрлі қаржыландыру көздерін тарту мәселелері зерттеліп жатқанын атап өтті.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді