- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы Ақтөбеде көктемгі тасқыннан зардап шеккендер үшін салынған үйлерді қарап шықты
ҚР Мемлекеттік хатшысы Ақтөбеде көктемгі тасқыннан зардап шеккендер үшін салынған үйлерді қарап шықты
Айта кетейік, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен тасқыннан зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй салу үшін Ақтөбе қаласының сыртынан 107 жер телімі бөлінді. Құрылыс материалдары «Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қорының қаржыландыруымен сатып алынды. Жергілікті коммуналдық кәсіпорындар жаңа қоныстарды жарықпен қамтамасыз етуде, сумен және газбен жабдықтауда көмек көрсетті. Облыс басшылығының үндеуіне жауап қатқан жүздеген ерікті үйлерді салуға көмектесті.
Бұдан өзге, 20 отбасыға облыс аудандарынан, демеушілер мен жұмыс берушілерден пәтерлер мен тұрғын үй сыйланды. ҰОС мүгедегіне берілетін жеңілдіктерге теңестірілген және бюджеттік сала қызметкері болып табылатын тағы екі зардап шегушіге жатақханадан қайтарымсыз екі пәтер берілді.
Жергілікті билік баспанасы жөндеуді қажет ететін азаматтарға да барлық тиісті шараларды қолданды.
«Небәрі алты айдың ішінде «Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қоры арқылы 800 отбасыға жалпы сомасы 185 млн. теңгеге көмек көрсетілді. Қаражат қалпына келтіруге жарамды үйлерді жөндеуге, жаңа үйлердің құрылысына қажет материалдарды сатып алуға, жылу қазандықтары мен тұрмыстық техниканы алуға жұмсалды», - деп хабарлады облыс әкімдігінде.
Көктемгі тасқын салдарынан су басқан аймақта бау-бақша ұжымы мен қала сыртындағы үш ауылдың шетінде орналасқан барлығы 907 құрылыс қалған. Тексеруден соң комиссия әуел баста құрылыс нормаларын бұзған және су қорғау аймақтарында салынған су басқан 110 құрылысты қалпына келтіруге жарамсыз деп тапты. Тағы 797 саяжай мен тұрғын үй су тасқынынан соң жөндеуді қажет етті.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары