- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова: Саясаттағы өзгерістердің өзегі қоғамдық сананы жедел жетілдіреді
Г.Әбдіқалықова: Саясаттағы өзгерістердің өзегі қоғамдық сананы жедел жетілдіреді
Форумға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, әйгілі спортшылар, әлемнің 20 елінде тұрып жатқан ақтөбелік жерлестер қатысты.
Г.Әбдіқалықова форумға қатысушыларға арналған Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді. Онда «Рухани жаңғыру» аясында жүзеге асырылып жатқан айрықша маңызды жобалардың бірі – «Туған жер» жобасы екені айтылған. Жалпыұлттық патриотизм қағидаттарына негізделген «Туған жер» бағдарламасы осындай шараларды жүйелендіріп, ортақ игілікке айналдыруды көздейді.
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде саясат пен экономикадағы ауқымды өзгерістердің өзегі – қоғамдық сананы жедел жетілдіретін «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық жобасы екеніне тоқталып өтті. Бүгінде елімізде осы мақсатқа жету үшін 6 бірегей жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі – жалпыұлттық патриотизмнің маңызды тірегіне айналған «Туған жер» бағдарламасы.
Сондай-ақ, Г.Әбдіқалықова мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясында салынған «Жекпе-жек спорт сарайының» ашылу рәсіміне қатысты. Рәсімнен кейін дзюдодан Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир басталды.
« Биыл елімізде Үшінші жаңғыру басталды. Оның бір бағыты рухани жаңғыру болып саналады. Біздің «Рухани жаңғыру» бағдарламамыз бен «жайлы жол» деп аударылатын дзюдо ұғымы ортақ мәнге ие. Ол – сананың кемелденуі», – деді Г.Әбдіқалықова.
Сапар барысында Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған әлеуметтік-мәдени нысандарды аралап көрді.
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев -
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр -
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді -
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары -
Заң жобалаpын қоғамдық талқылау тәсiлдеpi кеңейтiлетiн болады